Талдау көрсеткендей іс-шаралар студенттер мен ұстаздардың кәсіби және креативті әлеуетін ашуға үлкен серпін берген
24.02.2026ж Әдістемелік кеңес отырысында кафедра меңгерушілері Т.Н. Аубакирова мен Г.С. Сырымбетова «Шығармашылық апталықтың»қорытындысын ұсынды. Талдау көрсеткендей, іс-шаралар студенттер мен ұстаздардың кәсіби және креативті әлеуетін ашуға үлкен серпін берген.
Қорытынды аттестаттау: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.К. Канапина білім алушыларды алдағы аттестаттаудан өткізудің жаңа талаптары мен формаларына тоқталды. Бұл бағыттағы жұмыс ашықтық пен сапаны қамтамасыз етуге бағытталған.
Авторлық ізденіс: Педагог А. Шарифхаан өзінің жаңа әдістемелік әзірлемесін таныстырып, оны оқу процесіне енгізу бойынша қорғап шықты. Әріптесіміздің авторлық жұмысы инновациялық тәсілдерімен ерекшеленді.