Колледж студенттеріне арналған Мен кіммін тақырыбында семинар-тренинг өткізді
23 ақпан 2026 жылы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында №3 қалалық емхананың «Жас толқын» ЖДО психологы Д. Ильяшова колледж студенттеріне арналған «Мен кіммін?» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Іс-шара барысында студенттер өздерін тереңірек танып, жағымды «Мен» тұжырымдамасын қалыптастыруға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, рефлексия жасау дағдыларын дамытып, өздерінің психологиялық ерекшеліктерін талдауды үйренді, өзіне деген сенімділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін ашуға қадам жасады.
Тренинг топ ішіндегі ынтымақтастықты нығайтып, қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етті.