Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының негізгі бағыттары тақырыбында семинар өткізілді
2026 жылғы 19 ақпан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының негізгі бағыттары» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы қарасты Қамқор-Астана қоғамдық қоры теолог маманы Арман Нұрахметұлы арнайы қатысып, студенттермен мазмұнды кездесу өткізді.
Кездесу барысында дін саласындағы өзекті мәселелер, діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау және радикалды идеологиялардың алдын алу бағыттары кеңінен түсіндірілді.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі тұшымды жауаптар алды.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жастардың рухани иммунитетін қалыптастыруға және қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.