Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысы өтті
2026 жылғы 18 ақпанда колледжде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында келесі маңызды мәселелер қарастырылды:
???? Студенттердің сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімі
???? Қазіргі заманғы білім беру технологиялары және білім сапасы
???? Оқу-өндірістік тәжірибенің кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудағы рөлі
???? Колледждің тәрбиелік ортасы және «Адал азамат» бағдарламасының жүзеге асырылуы
Колледж әкімшілігі 2025–2026 оқу жылының І семестр қорытындыларымен таныстырып, алдағы міндеттерді айқындады. Сонымен қатар, студенттердің қауіпсіздігі, ішкі тәртіп ережелері, қызметтік киім стилі және дұрыс тамақтану мәселелері ерекше назарға алынды.
Жиналыс соңында ата-аналар өз сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Студенттердің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.
???? Колледж бен ата-ана арасындағы ынтымақтастық – сапалы білім мен саналы тәрбиенің кепілі!