Тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Жетісу облысы прокуратурасы түсірген Дроп атты қысқаметражды деректі фильмі студенттерге көрсетілді
2026 жылғы 16–17 ақпан күндері колледжде кураторлық сағаттар аясында интернет-алаяқтықтың алдын алу шараларын күшейту және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Жетісу облысы прокуратурасы түсірген «Дроп» атты қысқаметражды деректі фильмі студенттерге көрсетілді.
Фильм көрсету барысында білім алушыларға интернет-алаяқтықтың түрлері, «дроп» ұғымының мәні, заң алдындағы жауапкершілік және қаржылық қауіпсіздік мәселелері түсіндірілді. Студенттермен пікір алмасу ұйымдастырылып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, интернет-алаяқтықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру.