Кәсіби бағдар дұрыс таңдау табысты мансап атты кәсіби бағдар беру іс шарасы Әл Фараби атындағы оқушылар сарайы базасында өтті
«Кәсіби бағдар – дұрыс таңдау – табысты мансап» атты кәсіби бағдар беру іс-шарасы Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы базасында өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастарға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар беру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие салалармен таныстыру және табысты мансап қалыптастыру жолдарын түсіндіру.
Кездесу барысында қатысушылар мамандық таңдаудың маңыздылығы, жеке қабілет пен қызығушылықты ескеру, кәсіби даму мүмкіндіктері туралы пайдалы ақпарат алды. Сондай-ақ, еркін форматта сұрақ-жауап алаңы ұйымдастырылды.
✨ Дұрыс таңдау – жарқын болашақтың бастауы!