Кештің негізгі мақсаты ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау жас ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, сондай ақ ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу
2026 жылғы 13 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» кітапханасы мен әдістемелік кабинеті бірлесіп, қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Ғасырдың ақиық ақыны» атты әдеби-танымдық поэзия кешін ұйымдастырды.
Кештің негізгі мақсаты – ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, сондай-ақ ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.
Іс-шара барысында «Қазақ, орыс және ағылшын тілдері» кафедрасының оқытушылары Шакирова Б.Б. мен Альжапарова Ж.Ж. дайындаған ақынның өмір жолы мен шығармашылығына арналған бейнеролик пен мазмұнды презентация көрермендер назарына ұсынылды. Кеш аясында студенттер Мұқағали жырларын мәнерлеп оқып, ақын сөзіне жазылған әндерді әсерлі орындалды.
Жунусова Г.Б.