Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Қазақстанның танымал спортшылары Омаровтар отбасымен мотивациялық кездесу өтті
???? 2026 жылғы 13 ақпанда
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Қазақстанның танымал спортшылары — Омаровтар отбасымен мотивациялық кездесу өтті.
???? «Отбасының күші — чемпионның тірегі» атты кездесудің мақсаты – жастарға отбасының маңыздылығын түсіндіру, табысқа жетудегі қолдау мен бірліктің рөлін көрсету, студенттерді спортқа және салауатты өмір салтына ынталандыру.
Кездесу барысында Омаровтар отбасы өз жетістік жолдары, еңбекқорлық, тәртіп және отбасы қолдауының маңызы туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, құнды кеңестер алды.
✨ Мұндай кездесулер жастардың рухын көтеріп, алға қойған мақсаттарына сеніммен қадам басуына мотивация береді.