2025 жылғы 14 наурызда біртұтас тәрбие наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде жас педагогтар мектебі колледждің студенттері мен оқытушылары үшін көрісу күні мерекесін ұйымдастырды.
2025 жылғы 14 наурызда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында, Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ «Наурызнама» тұжырымдамасы аясында Жас педагогтар мектебі колледждің студенттері мен оқытушылары үшін «Көрісу күні» мерекесін ұйымдастырды. Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтті. Колледж директоры оқытушылар мен студенттерді көктемнің осындай маңызды мерекесімен құттықтады. Шара барысында қатысушылар бір-біріне жүрек жарды тілектерін білдіріп, "Тоғызқұмалақ", "Арқан тарту" және басқа да ұлттық жарыстарға белсене қатысты.
Көрісу күні – бұл жай ғана мереке емес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұрамыздың жарқын үлгісі.