Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға құқық бұзушылықтың алдын алуға зорлық-зомбылық пен топтық жанжалдардың алдын алуға бағытталған профилактикалық дәріс өтті.
2026 жылдың 13 ақпан күні Жоғары көлік және коммуникация колледжі базасында «Заң және тәртіп» жобасы аясында студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, зорлық-зомбылық пен топтық жанжалдардың алдын алуға бағытталған профилактикалық дәріс өтті.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу және жеке жауапкершілік деңгейін арттыру.
Астана қаласы әкімдігінің Психологиялық қолдау орталығы әдіскері Хамзина К.М. сөз сөйлеп, орталықтың қызмет бағыттары мен жастарға көрсетілетін психологиялық қолдау түрлері туралы ақпарат берді.
Дәріске УИП ОЮП ОМПС полиция майоры Алмагамбетова А.Ж., Сарыарқа ауданы Профилактика инспекциясы басқармасы өкілі, полиция капитаны Айтжанов Н.Т. қатысып, студенттер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, буллинг пен кибербуллингтің салдары, сондай-ақ қауіпсіз мінез-құлық қағидалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, колледж психологтары Ғ. Универ мен М. Абдигамитова шағын тренинг өткізіп, тақырып аясында лекция жасап, бейнематериалдар көрсетті.
Іс-шараға 130 студент қатысты. Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық диалог алаңы ұйымдастырылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар студенттердің құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.