Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында студенттерпен қылмыстық жауапкершілік және кәмелетке толмағандарды жазалау мәселелері бойынша профилактикалық дәріс сабағын өткізді

Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында студенттерпен қылмыстық жауапкершілік және кәмелетке толмағандарды жазалау мәселелері бойынша профилактикалық дәріс сабағын өткізді

2026 жылы 05 қаңтарда Астана қаласының "Сарыарқа" ауданының прокуратурасы жастар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында студенттерпен қылмыстық жауапкершілік және кәмелетке толмағандарды жазалау мәселелері бойынша профилактикалық дәріс сабағын өткізді. Кездесу аясында түрлі құқық бұзушылықтар мен қылмыстар, оның ішінде есірткінің заңсыз айналымына, сыбайлас жемқорлық және экстремистік көріністерге байланысты қылмыстар үшін жауапкершілік түсіндірілді. Тәжірибеден алынған мысалдарда құқық қорғау органдарының аталған әрекеттерді анықтау жөніндегі қызметі суреттелген. Іс-шара қорытындысы бойынша прокуратура қызметкерлері студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.