Бірінші курс студенттерінің ата-аналары үшін Құқықтар мен міндеттер туралы ақпарат атты кітапхана квесті өткізілді
2026 жылы 30 қантарда Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары көлік және коммуникация колледжі» ШЖҚ МКК кітапханасында колледждің әдістемелік кабинетімен бірлесіп, Бірінші курс студенттерінің ата-аналары үшін «Құқықтар мен міндеттер туралы ақпарат» атты кітапхана квесті өткізілді. Оны ұйымдастырушы кітапхана меңгерушісі Г.Б. Жүнісова.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Азаматтық кодексіне негізделе отырып, құқықтық ақпаратты іздеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Ата-аналар оқушылардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты құқықтық сұрақтарға жауап табу жолдарымен танысты.