Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының апталығы аясында информатика пәні бойынша өткен
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының апталығы аясында информатика пәні бойынша өткен “Білім + логика + креатив” атты бәсекелес сайысқа 1Л-225 және 1ЭТС-225 топтары белсене қатысты.
Сайыс барысында білім алушылар информатика пәні бойынша алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана отырып, логикалық ойлау қабілеттері мен креативтіліктерін көрсетті. Сонымен қатар, «Заң мен тәртіп» тақырыбы аясында сұрақтар қамтылып, білім алушылардың құқықтық сауаттылығы мен жауапкершілік мәдениетін арттыруға ерекше мән берілді.
Аталған іс-шара білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, топтық жұмыс дағдыларын дамытуға және зияткерлік деңгейін көтеруге ықпал етті.