Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

Конференцияның негізгі мақсаты студенттердің өндірістік тәжірибе барысында жинақтаған білімдері мен тәжірибелік дағдыларын саралау, кәсіпорындар базасында атқарылған жұмыстарды талдау және тәжірибе нәтижелерін бағалау болды

Конференцияның негізгі мақсаты студенттердің өндірістік тәжірибе барысында жинақтаған білімдері мен тәжірибелік дағдыларын саралау, кәсіпорындар базасында атқарылған жұмыстарды талдау және тәжірибе нәтижелерін бағалау болды
Технологиялық тәжірибе қорытындысы бойынша 04130100 Менеджмент (салалары және қолданыс аясы) және 07130200 - Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) мамандықтары бойынша әлеуметтік серіктестер қатысуымен қорытынды конференция өткізілді. Конференцияның негізгі мақсаты – студенттердің өндірістік тәжірибе барысында жинақтаған білімдері мен тәжірибелік дағдыларын саралау, кәсіпорындар базасында атқарылған жұмыстарды талдау және тәжірибе нәтижелерін бағалау болды.
Конференция барысында студенттер өндірістік тәжірибе өткен кәсіпорындар бойынша баяндамалар жасап, олардың ұйымдық құрылымы, басқару жүйесі, өндірістік процесі, еңбек ұйымдастыру ерекшеліктері және экономикалық көрсеткіштері жөнінде мәліметтер ұсынды. Менеджмент мамандығы бойынша студенттер басқару шешімдері, персоналды басқару, жоспарлау және баға қалыптастыру мәселелеріне тоқталса, Электрмен қамтамасыз ету мамандығы студенттері өндірістік жабдықтар, энергиямен қамтамасыз ету жүйелері, техника қауіпсіздігі және энергияны үнемдеу бағыттарын атап өтті.
Конференция барысында студенттердің баяндамалары талқыланып, жетекшілер тарапынан ұсыныстар мен әдістемелік кеңестер берілді. Студенттер өзара тәжірибе алмасып, кәсіби пікірталас жүргізу арқылы теориялық білімдерін практикамен байланыстыра алды.