Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

Әрбір жұмыс мазмұны мен идеясы жағынан ерекшеленіп автордың жеке көзқарасын көрсетті

Әрбір жұмыс мазмұны мен идеясы жағынан ерекшеленіп автордың жеке көзқарасын көрсетті
20 қаңтар күні «Адал азамат» бағдарламасы аясында 1 курс студенттері арасында «Менің эмоцияларымның әлемі» тақырыбында сурет салу байқауы өтті. Байқау барысында студенттер берілген тақырып бойынша сурет салып, өз ішкі күйін, сезімдері мен ойларын бояу мен бейнелер арқылы көрсетті. Жұмыстар аяқталғаннан кейін әр қатысушы өз салған суретінің мағынасын түсіндіріп, онда қандай эмоциялар мен ойларды жеткізгісі келгенін айтып өтті. Әрбір жұмыс мазмұны мен идеясы жағынан ерекшеленіп, автордың жеке көзқарасын көрсетті.
23 қаңтар күні байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған студенттер **«Қазақстан жастары конвенті» ҚҚ атынан дипломдармен** марапатталды.
**Байқау жеңімпаздары:**
* **І орын** — **1ТО-125** тобының студенті Ақтубеков Әділ Азаматович
* **ІІ орын** — **1Л-125** тобының студенті Кутышева Александра Сергеевна
* **ІІІ орын** — **1РЭТ-425** тобының студенті Қанатова Жансая Талғатқызы
Жеңімпаздарды құттықтаймыз.