Жасөспірімдердің жыныстық жетілуінің алдын алу тақырыбында семинар өткізді
2026 жылдың 12 қаңтарында №3 қалалық емхананың «Жас толқын» МЦЗ тері-венеролог дәрігері С.Бостанов колледж студенттеріне “ЖЖБИ, жасөспірімдердің жыныстық жетілуінің алдын алу”тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері талқыланды. Жасөспірімдердің ұрпақты болу денсаулығына дұрыс тамақтанудың әсері мен салауатты өмір салты қағидаттарын сақтаудың маңыздылығы туралы мәселе көтерілді. ЖЖБИ алдын алу, қауіп топтары, мүмкін болатын таралу жолдары, көрініс формалары, аурудың салдары, қорғану жолдары, инфекцияны анықтау әдістері, жолдау және кеңес беру әдістері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.