2025 жылғы 23 24 қараша күндері Қостанай қаласында өткен
2025 жылғы 23–24 қараша күндері Қостанай қаласында өткен «Ел тірегі – еңбек адамы» патриоттық форумына біздің колледждің 10410400 «Жолқозғалысын ұйымдастыру» мамандығының 3 курс студенті Айдар Қайсар Қайратұлы өңіріміздің атынан делегат ретінде қатысты.
Форум Қостанай облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізілді. Іс-шараның мақсаты – еңбек адамының беделін арттыру, жұмысшы мамандықтарының маңызын көрсету, еңбек әулеттері мен өндіріс саласы қызметкерлерінің ел дамуына қосқан үлесін насихаттау.
Форум барысында студенттер мен жас мамандар еліміздің жетекші кәсіпорындарының жұмысымен танысып, кәсіптік білім беру саласындағы жаңа бастамалар, еңбек нарығындағы сұраныстар және тәлімгерлік институтын дамыту мәселелері талқыланды. Қатысушылар «СарыаркаАвтоПром», «АгромашХолдинг KZ», «KamLitKZ» индустриялық аймақтарда болып, өндірістік үдерістерді өз көздерімен көрді.
Біздің студент форум шеңберіндегі пікірталастарға, шеберлік сабақтарына және салалық кездесулерге белсенді қатысып, өз білімін толықтырып, тәжірибе алмасты.
Бұл — студенттеріміздің кәсіби дамуына, еңбек құндылықтарын құрметтеуге және еліміздің индустриялық әлеуетін терең түсінуге үлкен мүмкіндік.
Колледжіміз атынан қатысқан Айдар Қайсар форумда оқу ордамызды лайықты танытып, белсенділігімен көзге түсті.