Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

2025 жылдың 10 қараша күні Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында

2025 жылдың 10 қараша күні Адал азамат біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
2025 жылдың 10 қараша күні “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында №3 қалалық емханасының “Жас толқын” ЖДО психологы Ильяшова Д. колледж студенттеріне “Адам көбейсе – дос артады!” атты тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты – жастардың бір-бірімен тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларын дамыту, ұжымда сыйластық пен өзара түсіністікті нығайту, жаңа достар табуға көмектесу.
Іс-шара барысында студенттер топтық ойындарға қатысып, коммуникациялық жаттығулар орындады, бір-бірімен ашық диалог құрып, өзара қолдау көрсетудің маңызын түсінді. Тренинг студенттердің көңіл күйін көтеріп, ұжым ішіндегі достық ахуалды жақсартуға ықпал етті.