2025 жылдың 13 наурызында колледжімізде біртұтас тәрбие жобасының аясында smart Bala startup байқауы өткізілді
2025 жылдың 13 наурызында колледжімізде «Біртұтас тәрбие» жобасының аясында «Smart Bala» StartUp байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты жас кәсіпкер студенттеріміздің бизнес бастамаларын қолдау, өмір сүру сапасын жақсарту және озық білім мен технологияларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріне енгізу, студенттердің бастамаларына талдау арқылы кәсіпкерліктің қыр-сырын үйрету, бәсекеге қабілеттіліктерін арттырып, тұлға болып қалыптасуларына сеп тигізу.
Байқау нәтижелерін «Amanat» партиясымен ұйымдастырылған «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржылық сарапшысы Шалабаева Алия Қанағатовна бағалады.
Осы орайда колледж студенттерімен «Автомобильді диагностикалау», «Құс фермасы», «Картоп алғабы», «Қолғап өндірісі» сынды түрлі жобалар ұсынылды. Байқау барысында үміткерлердің бизнес-жобалары талқыға салынды. Үздік деп танылған жобалар алғыс хаттармен марапатталды.