Болашақ энергиясы біздің студенттердің қолында
Болашақ энергиясы – біздің студенттердің қолында!
Жұмысшы кәсіптер жылы және Көлік және коммуникация жоғары колледжінің 80 жылдық мерейтойы аясында «Электрмен жабдықтау» мамандығының 1ЭН-425Б тобының студенттері елордамыздың басты энергетикалық кәсіпорындарының бірі – «Астана-Энергия» АҚ-на танымдық экскурсия жасады! ????
Экскурсия барысында студенттер электр энергиясын өндіру мен таратудың заманауи технологияларымен танысып, кәсіби мамандардың еңбегінің маңызын өз көздерімен көрді.
Тәжірибе жетекшісі, оқытушы Бек Б.Б. студенттерге өндірістік процесті көрсетіп қана қоймай, энергетика саласының рухын сезінуге және өз мамандығына деген мақтаныш сезімін арттыруға мүмкіндік берді.
Мұндай кездесулер мен тәжірибелер студенттерге ерекше мотивация беріп, кәсіби қызығушылығын арттыра түседі!