Кәсіптік бағдар беру қызметі және "100 бейінді мектеп" жобасын іске асыру барысында 2025 жылғы 28 қарашада Арнайы пәндер оқытушысы Сырымбетова Гүлжайна Сабырдиновна біздің колледж студенттерімен бірге №61 мектеп-лицейінде жасөспірімдер үшін маңызды тақырып — кәсіпті саналы түрде таңдауға арналған пікірталас турниріне қатысты. Іс-шараға 9 сынып оқушылары қатысып, кәсіби өзін-өзі анықтаудың өзекті мәселелерін түсінуге ынталы, сыни ойлауды көрсетті. Турнир барысында командалар келесі тақырыптарды талқылады:
·
кәсіби жетістіктегі білім
берудің рөлі;
·
жұмысшы мамандықтарының
болашағы;
·
технологияның мансаптық
таңдауға әсері.
Іс-шара нәтижелі өтті және оқушыларға әртүрлі мамандықтар туралы түсініктерін кеңейтуге, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін бағалауға мүмкіндік берді. Мұндай бастамалар оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауында маңызды рөл атқарады.
Директордың ОІЖ орынбасары Канапина А.К.