2025 жылғы 13 наурызда біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және республикалық жанашыр жүрек қайырымдылық акциясын іске асыру шеңберінде фотосессия ұйымдастырды.
2025 жылғы 13 наурызда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында және республикалық «Жанашыр жүрек» қайырымдылық акциясын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ «Наурызнама» концепциясы аясында «Қамқор» еріктілер клубы «Я живой» баспанасыз жануарлар орталығына экскурсия жасап, баспанадағы жануарлармен фотосессия ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты орталықтың жұмысымен таныстыру, волонтерлер клубының мүшелерінде жануарларға деген жауапкершілік пен жанашырлық сезімін тәрбиелеу, сондай-ақ баспанадағы жануарларға жаңа үй табу мәселесіне қоғамның назарын аудару болды. Бұл акция қоғамда жануарларға қамқорлық жасау мен мейірімділікті арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.