Студенттермен профилактикалық кездесу
Студенттермен профилактикалық кездесу
2025 жылдың 9 қыркүйегінде, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында колледжде «Сарыарқа» ауданы полициясы өкілдерінің қатысуымен бірінші курс студенттерімен профилактикалық әңгіме өтті.
Аудандық полицияның аға жедел уәкілі, полиция капитаны Бейсебай Нұрбақыт Ержанұлы және УИП ОЮП ОМПС полиция майоры Алмагамбетова Алмагүл Жансеріковна білім алушыларға құқықтық тәртіп, жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін түсіндіріп, құқық бұзушылық пен қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік туралы еске салды.
Кездесу барысында студенттер оқу үрдісінде және күнделікті өмірде заңға сәйкес жүріп-тұру жөнінде ұсынымдар алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға және ішкі істер органдары мен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.