Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

Жоғары көлік және коммуникация колледжінде 1 педагогикалық кеңес отырысы өтті

Жоғары көлік және коммуникация колледжінде 1 педагогикалық кеңес отырысы өтті
2025 жылы 29 тамызда Астана қаласы әкімдігінің  Жоғары көлік және коммуникация колледжінде  №1 педагогикалық кеңес отырысы өтті. Педагогикалық кеңес отырысына ПШО әдіскері А.Е. Есенбекова қатысып, колледж ұжымын  жаңа  оқу жылының басталуымен құттықтап, шығармашылық табыс  тіледі.  
Колледж басшысы Б.Е. Капезов оқытушылар алдында  жаңа міндеттер белгілеп, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.
 Кеңес барысында тамыз конференциясынан бейнебаяндар үзіндісі көрсетілді.
 Ұстаздардың Республикалық «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман»  тамыз конференциясында Президентіміз  Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен Қазақстан ұстаздарының қажырлы еңбегін жоғары бағалаймын, сіздер жас буынға беріп жатқан білімнің күшіне сенемін. Шын мәнінде, ұстаздық – жай мамандық емес, бұл – ұлы миссия. Адам қандай жетістікке жетіп, биікке шықса да, ұстазының алдында өмір бойы шәкірт болып қалады.
Қазақстанның жарқын болашағы сіздердің табанды еңбектеріңізге тікелей байланысты. Себебі, сіздер тұтас ұлтты оқытып, тәрбиелеп жатсыздар. Осы жауапкершілікті терең сезініп, қастерлі міндетті абыроймен атқара бересіздер деп сенемін»,- деп ұстаздарға үлкен сенім артты. 
«Білім беру саласы – біз барлық балаларымызды тәрбиелейтін орта. Әркім еліміздің болашағын тәрбиелі, кәсіби құзыретті етуге өз үлесін қосуы тиіс. Бұл – тек педагог қауымның ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті», – деп атап өтті өз сөзінде министр Ғани Бейсембаев.