Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

Бүгін Жоғары көлік және коммуникация колледжі бітіруші түлектері үшін маңызды кездесу болды.

Бүгін Жоғары көлік және коммуникация колледжі бітіруші түлектері үшін маңызды кездесу болды.
Бүгін Жоғары көлік және коммуникация колледжі бітіруші түлектері үшін маңызды кездесу болды. ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдерімен өткізілген кездесу азаматтық борышын өтеуге дайын болашақ сарбаздарға арналған ерекше сұхбат алаңы болды! 

Кездесу барысында Қорғаныс министрлігінің өкілдері әскери қызметтің маңызы мен міндеттерін түсіндіріп, жастарды еліміздің қорғаныс саласында қызмет етуге шақырды. Түлектерімізге әскери қызмет туралы толық ақпарат беріліп, азаматтық міндетті атқару барысында кездесетін қиындықтар мен жауапкершіліктер туралы да әңгіме өрбіді. 

Бұл маңызды кездесуде жастар өздерінің болашақ жолдарын анықтап, еліміз үшін жауапкершілікті сезінетін азаматтар болып қалыптасатынына тағы бір мәрте көз жеткізді. Әскери борыш - бұл тек міндет емес, сонымен қатар әрбір азаматтың елге деген адал қызметі мен патриоттық парызы!

Түлектерімізге сәттілік, күш-қуат тілейміз! Болашақта тек үлкен жетістіктерге жетіп, еліміздің мақтанышы болуларына тілекшіміз!