Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

2025 жылғы 25 маусымда колледжде студенттердің бітіруіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

2025 жылғы 25 маусымда колледжде студенттердің бітіруіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
2025 жылғы 25 маусымда колледжде студенттердің бітіруіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында Астана қаласы мәслихатының VIII шақырылым депутаттары Ергалиев Т.Ф. мен Ажикенова М.Б., колледждің әлеуметтік серіктесі, «Бителеком» өндірістік-құрылыс телефон компаниясының өкілі Лавров С.Н., ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық ауруханасының есеп және аудит бөлімінің бухгалтері Анапьянова А.Г., Астана пайдалану локомотив депосы бастығының орынбасары Бекишева Д.Б., «Жетісу Групп» ЖШС директоры Нәзімбеков М.А., «QazTehna» ЖШС-нің кепілдік қызмет көрсету инженері Ахметов С. К., сондай-ақ «Жарқын Болашақ» бағдарламасының жетекшісі Дабыл Н. Б. болды.

Қонақтар бітіруші түлектерді құттықтап, алдағы еңбек жолында сәттілік тіледі. Үздік студенттер оқу мен қоғамдық жұмыстардағы жетістіктері үшін алғыс хаттармен және дипломдармен марапатталды.

Іс-шара жылы әрі қуанышты атмосферада өтіп, әрбір бітіруші түлек үшін есте қаларлық сәтке айналды.