Құқықтық сананы арттыру.
Құқықтық сананы арттыру
Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокуратурасы құқықбұзушылықтардың алдын алу және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Жоғары көлік және коммуникация колледжінде» «Заң және тәртіп» тақырыбында квиз-ойынын өткізді.
Аталған іс-шара қатысушыларға Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша білімдерін тексеруге тамаша мүмкіндік болды, сондай-ақ азаматтық ұстанымды қалыптастыруға, заңдарды сақтаудың маңыздылығын түсінуге ықпал етеді.
Мұндай байқаулар — құқықтық мәдениетті қалыптастыруда маңызды қадам болып табылады.