Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

Студенттер АЭТЗ базасында кәсіби бағдарлық тәжірибеден өтті.

Студенттер АЭТЗ базасында кәсіби бағдарлық тәжірибеден өтті.
Студенттер АЭТЗ базасында кәсіби бағдарлық тәжірибеден өтті
Жұмысшы мамандықтар жылы – 2025 аясында және Жоғары көлік және коммуникация колледжінің 80 жылдық мерейтойына орай «Электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер үшін Астана электротехникалық зауытында (АЭТЗ) кәсіби бағдар күні өткізілді.
Іс-шара «Кәсіпке жол: колледжден өндіріске дейін» ұранымен өтті және студенттердің өндірістік ортада нақты тәжірибе жинақтауы арқылы кәсіби қызығушылығын қалыптастыруды мақсат етті.
Екінші курс студенттері АЭТЗ мамандары өткізген шеберлік сабағына қатысып, электрмен жабдықтау саласындағы заманауи шешімдермен танысты.
 Өндірістік цехтарға экскурсия барысында студенттер теориялық білімнің нақты тәжірибеде қалай қолданылатынын өз көздерімен көрді.
Зауыттың жас қызметкерлері — колледждің бұрынғы түлектері — студенттермен өз кәсіби жолдарының бастамасы жайлы ой бөлісті.
Колледждің оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Ерденова Айгерім Жұмағалиевна өз құттықтау сөзінде 80 жылдық тарихы бар оқу орны еліміз экономикасына мыңдаған білікті мамандар даярлағанын атап өтті.
Ол сондай-ақ Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және қолданбалы бағыттағы мамандықтардың беделі артып келе жатқанын ерекше атап өтті.
АЭТЗ өндіріс жөніндегі директоры Мақұтов Дархан Жанатұлы өз кезегінде студенттерге қолдау көрсетіп, кәсіби жолға бейімдеу бағытындағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Оқу орны мен кәсіпорын арасындағы мұндай әлеуметтік серіктестік — болашақ кадрларды тиімді даярлаудың жарқын үлгісі.
«Біздің есігіміз жастарға әрдайым ашық. Болашақ энергетиктерге салынған инвестиция – елдің тұрақты дамуына салынған үлес», — деді зауыт өкілі.