Бүгін Жоғары көлік және коммуникация колледжінің белсенді студенттері aстана қаласының 69 мектебінде профориентациялық іс-шараға қатысы.
Бүгін Жоғары көлік және коммуникация колледжінің белсенді студенттері Низанбай Арсен мен
Тұрғынбек Нұрмұхамет Астана қаласының №69 мектебінде профориентациялық іс-шараға қатысып, болашақ мамандық таңдаудағы маңызды қадамдарын түсіндіріп, колледжімізді таныстырып келді!
Оқушыларға біздің колледжімізде ұсынылатын мамандықтар, олардың болашағы мен мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді. Болашақ мамандарды дайындау, жаңа технологиялар мен салалық жаңалықтарға сай білім беру – біздің басты мақсатымыз.
Колледжіміздің студенттері мен оқытушылары оқушыларға кеңес беріп, қызықты сұрақтарға жауап берді. Бұл іс-шара оқушыларға мамандық таңдау жолында маңызды көмек көрсетті деп сенеміз!
Біздің колледжге келіп, мамандық таңдауда бір қадам алға басыңыз! Біздің есігіміз әрқашан ашық!