Астана қаласы әкімдігінің
"Жоғары көлік және коммуникация колледжі"

Қабылдау бөлмесі
+7 (7172) 50-18-40
Кадрлар бөлімі
+7 (7172) 50-18-43
Instagram
@zdcolledj
Тілді таңдаңыз
KZ/RU

2025 жылғы 4 маусымда Астана қаласы әкімдігіне қарасты көлік және коммуникация жоғары колледжі әдістемелік кабинетпен бірлесіп Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық сағат өтті.

2025 жылғы 4 маусымда Астана қаласы әкімдігіне қарасты көлік және коммуникация жоғары колледжі әдістемелік кабинетпен бірлесіп Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық сағат өтті.
2025 жылғы 4 маусымда Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Көлік және коммуникация жоғары колледжі» ШЖҚ МКК кітапханасында әдістемелік кабинетпен бірлесіп Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық сағат өтті. Іс-шараға 1Д-224 және 1ЭТХ-224 топтары, қазақ және орыс тілі кафедрасының оқытушысы Сеитова Ж.Р. және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Шарифхан А. қатысты.
Мемлекеттік рәміздер күні – жай ғана мереке емес. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанымыздың рәміздерінің маңыздылығын еске түсіретін күн. Бұл – ата-бабалар мұрасын сақтап, оны келер ұрпаққа жеткізе білген еліміз үшін мақтаныш күні. Елтаңбаға, Туға және Әнұранға деген құрмет – ортақ адамгершілік бағдарлар жүйесін қалыптастырып, көпұлтты қазақстандық қоғамда бірлік, бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтады. Мұны әрдайым есте сақтау – аса маңызды.
Жунусова Г.Б.