Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында WorldSkills Astana 2025 кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңінің қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.
Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында WorldSkills Astana-2025 кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңінің қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.
Шараны Астана қаласы әкімінің орынбасары Байкен Есет Берікұлы ашып, құттықтау сөз сөйлеп, жастардың кәсіби дамуын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, шараға чемпионаттың әлеуметтік серіктесі ретінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры Рахметов Сәкен Маратұлы қатысты. Рәсім барысында ол құттықтау сөз сөйлеп, жастар арасында кәсіби дағдыларды дамытудың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ көлік және логистика салаларында білікті кадрларды даярлауда мұндай бастамалардың рөлін ерекше атап өтті.
Филиал директоры бірқатар құзыреттер бойынша жарысқа қатысушыларға марапаттар табыстады. Сонымен қатар, марапаттау рәсіміне Қазақстанда WorldSkills қозғалысын қолдайтын өзге де әлеуметтік серіктестердің өкілдері қатысты.