2025 жылғы 30 мамырда колледж кітапханасында біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында әдістемелік кабинетпен бірлесе отырып, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған ақпараттық сағат өтті.
2025 жылғы 30 мамырда колледж кітапханасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында әдістемелік кабинетпен бірлесе отырып, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған ақпараттық сағат өтті. Іс-шараға әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Естемесов Т.Н. жетекшілік ететін 1Д-124 тобының студенттері қатысты.
1997 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін белгілеу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Ақпараттық сағаттың мақсаты – жазықсыз қаза тапқан адамдардың тағдырын еске алып, халқымыздың басынан өткен ауыр кезеңдерді, тарихымыздағы ақтаңдақтарды және тәуелсіздік жолында өмірін қиған тұлғалардың шығармашылығын студенттерге таныстыру болды. Іс-шара барысында қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы мол мағлұмат беріліп, «АЛЖИР» фильмі көрсетілді. Студенттер фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап беріп, тақырыпты терең түсінгендерін көрсетті.